Қаз
Адам капиталы, құқық қорғау және еңбек қауіпсіздігі

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақтөбе облысына сапармен барып, өңір жұртшылығымен, зиялы қауым өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесті. Жиында жаңа Конституция жобасының ел дамуындағы стратегиялық маңызы кеңінен талқыланды. 

Аталған топ құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай, адвокат Ләззат Ахатова, қоғам қайраткері Қайрақбай Жаңабеков болды. Коалиция мүшелері алдымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Оған 300-ден астам адам қатысты.

Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, коалиция мүшесі Дания Еспаева Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мазмұнына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, қоғамдағы әділдік қағидатын орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституцияда білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиялық бағыты ретінде нақты айқындалды. Бұл – ел болашағы табиғи ресурстармен емес, адам әлеуетімен өлшенетінін білдіретін түбегейлі ұстаным. Құжатта басты құндылық ретінде адам, оның білімі, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеті алға шығарылды. Осылайша мемлекеттің өркендеуі қазба байлық қорына емес, ең алдымен адам капиталына тәуелді екені нақты көрсетілді. Ұлттың шынайы байлығы – білімді ұрпақ, олардың ғылыми жетістіктері, мәдениеттің дамуы және азаматтардың зияткерлік әрі кәсіби табыстары. Дәл осы құндылықтар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұрақты дамудың берік негізін қалайды», – деді ол. 

Кездесу барысында компания қызметкерлері Ата Заң жобасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өндіріс саласына, еңбек қатынастарына және әлеуметтік кепілдіктер бойынша сұрақтарын қойды. Олар заң үстемдігін қамтамасыз ету, еңбек адамының құқықтарын қорғау және әділ бәсекелестік қағидаттарын нығайту мәселелерін көтерді. 

Бұдан соң коалиция мүшелері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиетіне барып, профессор-оқытушылармен және студенттермен жиын өткізді. Бүгінде бұл жоғары оқу орнында 14 мың студент білім алуда, оларға 539 профессор және оқытушы дәріс береді. Кездесу барысында академиялық қауымдастық өкілдері елдің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде ғылым мен технологияның айрықша рөлін атап өтті. Олардың пікірінше, Конституцияда білім, ғылым, инновация басымдық ретінде бекітілуі – мемлекет дамуының берік құқықтық негізін қалыптастырады

Өз сөзінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова ғылыми-техникалық дамуды Конституцияда бекіту бойынша халықаралық тәжірибеге назар аударды. 

«Оңтүстік Корея Республикасының Конституциясында ғылым мен технологияны дамыту мәселесі мемлекеттің экономикалық өсімімен байланыстырылып, бұл қадам білім экономикасына көшуге мүмкіндік берді. Ал Қытайдың конституциялық ережелерінде ғылым саласы жаңғырту стратегиясының өзегіне айналып, нәтижесінде осы сектордың әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты. Сол сияқты жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және инновациялар алғаш рет негізгі құндылықтар ретінде айқындалып отыр», – деді ол.

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында өткен кездесуде Заң мен Тәртіп қағидатына, адам құқын қорғауды күшейту мәселесіне назар аударылды. Жиын барысында Мәжіліс депутаты, коалиция мүшесі Қазыбек Әлішев жаңа Конституцияның 21-бабында әр адамның жеке өмірі заңмен қорғалатыны нақты жазылғанын атап өтті. 

«Азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинауға, сақтауға немесе пайдалануға болмайды. Бұл талап цифрлық технологияларға да қатысты. Енді ол заңмен қорғалады. Қандай да бір тексеру немесе жедел іс-шаралар тек заңда көрсетілген нақты тәртіппен ғана жүзеге асырылуға тиіс. Бұл нормалар азаматтардың құқықтарын күшейтіп, олардың жеке өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді халық қалаулысы.

Сонымен қатар Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ата Заң жобасын Ақтөбе құбыр зауытының қызметкерлерімен талқылады. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ еңбекті әділ бағалау мәселелері жан-жақты қаралды. Қызметкерлер жаңа Конституцияның еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі, әлеуметтік кепілдіктер мен жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған нормалары туралы өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Коалиция мүшелері барлық пікірлерді тыңдап, елдің әділетті әрі прогрессивті дамуына үлес қосатын өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
61
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75