Қаз
Аида Балаева: Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды

Орал қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Батыс Қазақстан облысының зиялы қауымы және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті. Делегацияны Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Талқылауға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламентінің депутаттары – Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, өңірдің қоғамдық ұйымдары, заңгерлер және сарапшылар қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Диалог жаңа Конституция жобасына және 2026 жылдың 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды. Қатысушылар Негізгі заңды жаңарту құқықтық кепілдіктерді күшейту, азаматтардың басқару ісіне араласуын кеңейту және цифрлық дәуір жағдайында адамды қорғау сияқты қоғамның заманауи сұраныстарына сай болуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесуді ашқан Аида Балаева Конституция жобасы мемлекеттің жаңартылған құндылық бағдарын айқындап, дамудың стратегиялық басымдығын бекітетінін атап өтті.

«Ең алдымен, жаңа Конституцияның өзегінде азаматтың мүддесі мен елдің ұзақмерзімді орнықты дамуы жатыр. Құжатта мемлекеттің даму бағыты, қоғамның тұғыр болатын құндылықтар, сондай-ақ, билік пен халық арасындағы өзара қатынастың жаңа сапасы нақты көрініс тапқан. Жаңа Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Бұл – адамның мүддесін қорғау мемлекеттік қызметтің негізгі мәніне айналады деген сөз. Биліктің барлық тетіктері азаматтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс – бұл қағидат Негізгі заңның өзегіне айналады. Сонымен қатар Преамбулада ұлттық бірегейлік, тарихи сабақтастық және мемлекеттіліктің терең тамыры айқын көрініс тапқан. Ұлы дала өркениетімен сабақтастық, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық егемендікті қорғаудың конституциялық тірегіне айналады», – деді Премьер-министрінің орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева Әділетті Қазақстан идеясы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және табиғатқа жауапкершілікпен қарау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілетінін атап өтті. Бұдан бөлек, Премьер-министрінің орынбасары Негізгі заңда ұлттық валюта – теңгенің мәртебесі және ақша эмиссиясына айрықша құқықтың тек Қазақстанға тиесілі екені айқындалатынын жеткізді. Құжат жобасында көзделген негізгі құндылықтар туралы айта келе, Аида Балаева былай деді:

«Егемендік пен Тәуелсіздік, ел бірлігі мен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіледі. Бұл Конституцияға жаңа мазмұндық сипат береді. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалған», – деді ол.

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстанның отыз жыл ішінде қалыптасу кезеңінен өтіп, бүгінде жаңа тарихи шындықта өмір сүріп жатқанын атап өтті.

«1995 жылғы Конституциямыздың қабылданғанына 30 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде ел өзгерді. Өткен жылдың қазан айынан бастап азаматтардан мыңдаған ұсыныс түсті. Кейін 130 адамнан құралған Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 12 отырыста барлық мәселені жан-жақты қарастырды. Жаңарту мәтіннің шамамен 84%-ын қамтиды. Комиссия отырыстары ашық форматта, тікелей эфирде өтіп, жаңа мәтін жарияланды, онымен әркім таныса алады», – деді ол.

Кездесу барысында азаматтардың мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға араласуы және халық билігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы қоғамның ел басқарудағы рөлін күшейтіп, азаматтардың тікелей қатысу тетіктерін бекітетінін айтты.

«Жалпы, жаңа Конституция шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Мәселен, оныншы бөлімнің 92-бабына назар аударсақ, қолданыстағы Конституцияда «Республикалық референдум» термині қолданылса, жаңа редакцияда «Жалпыхалықтық референдум» деп көрсетілген. Бұның терең мәні бар. 90-жылдары шешімдер азаматтардың толыққанды қатысуынсыз жоғары деңгейде қабылданған жағдайлар болды. Ал жаңа Конституцияда біз – біртұтас ұлт екеніміз және ең маңызды шешімдер бүкіл халықтың қатысуымен қабылдануы тиіс екені нақты бекітіледі. Мемлекеттік маңызы бар мәселелер заңнама аясында жалпыұлттық деңгейде қаралуы қажет», – деді депутат.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев комиссияның ашық форматта жұмыс істегенін айта келе, жобаны әзірлеу хронологиясына және негізгі институционалдық жаңалықтарға тоқталды.

«Жұмыс өткен жылдың қыркүйегінде басталды. Кейін парламенттік жұмыс тобы құрылды, ал қаңтар айында 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия жасақталды. Біз 12 отырыс өткіздік. Жаңалықтардың қатарында вице-президент институтын қайтару, бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру, сондай-ақ алғаш рет заң шығару бастамасы құқығына ие болатын қоғамдық диалогтың жаңа институтын қалыптастыру бар. Бұл азаматтық қоғам даусының заң жобасына айналуына мүмкіндік береді», – деді ол.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ел тарихи таңдау алдында тұрғанын атап өтіп, алдағы референдумның мемлекет дамуының келесі кезеңіндегі маңызына айрықша тоқталды.

«Уақыт талабына сай жаңа Конституция – дамудың кепілі. Ұсынылып отырған реформа Қазақстанның саяси жүйесін терең жаңғыртуды көздейді. Оның негізінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидаты жатыр. Бұл билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейтеді. Мұндай модель қазіргі және болашақ сын-қатерлерге жауап бере алатын тиімді, ашық мемлекетті қалыптастыруға жол ашады», – деді Нариман Төреғалиев.

Талқылау барысында азаматтық сектор мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жалпыұлттық таңдау кезеңінде бірлік пен өзара құрметтің маңызын ерекше атап өтті. БҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Орыс мәдени орталығының жетекшісі Сергей Быков өңірдің бірлігі сын сағатта да, ауқымды ортақ міндеттерді шешуде де айқын көрінетінін айтты. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин азаматтық жауапкершілік пен заңға құрмет мәдениетіне назар аударып, құқық пен міндеттің өзара ажырамас ұғым екенін еске салды. Заңгерлік қауымдастық өкілдері, соның ішінде «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай құқықтық айқындық пен азаматтар үшін түсінікті кепілдіктердің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында зиялы қауым және азаматтық қоғам өкілдері сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді. Жалпыұлттық коалиция өкілдері ашық талқылау мен пікір алмасудың маңызын ерекше атап өтті.

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
60
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75