Қаз
Үнзила Шапақ: Преамбула – ұран емес, ұлттық келісімнің конституциялық формуласы

Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында жаңа Ата заңның преамбуласын қайта қарауды ұсынған болатын. Оның пікірінше, кіріспе бөлім елдің бүгінгі сын-қатерлері мен құндылықтарын нақты әрі толық бейнелеуге тиіс. Сонымен қатар ол «Референдум–2026» онлайн марафонында да жаңа Конституцияның преамбуласы өткен тарихымызды дәріптеп қана қоймай, еліміздің болашаққа бағыт алуын нақты көрсететін негізгі бөлім екенін баса айтқан болатын. Осы ретте біз депутатпен преамбуланың маңызы, оның қандай функция атқаратыны, онда бекітілген құндылықтар заңдарды түсіндіруге қалай әсер ететіні туралы сұхбаттасқан едік. 


– Конституция преамбуласын жаңғыртуды ұсынған депутат ретінде, алдымен преамбуланың не екенін, мәні мен маңызын қарапайым тілмен түсіндіре өтсеңіз.

– Конституцияның преамбуласы – Негізгі Заңның жай ғана кіріспесі емес. Ол – оның идеялық әрі моральдық іргетасы. Яғни, преамбула – құқықтық нормалардың астарындағы философия. Ол қоғамды біріктіреді, тарихи сабақтастықты көрсетеді және мемлекеттің даму бағытын айқындайды.

Егер Конституция баптары мемлекеттің қалай жұмыс істейтінін көрсетсе, преамбула – не үшін жұмыс істейтінін түсіндіреді. Ол мемлекеттің қандай құндылықтарға сүйенетінін, халықтың қандай мақсатпен бірігіп отырғанын және болашаққа қандай бағыт ұстайтынын айқындайды.

– Преамбуланы салтанатты, ұрандатып айтылатын сөздер жиынтығы деп қабылдап келдік. Алайда сарапшылар жаңа Конституцияның жобасы мүлде бөлек, өз алдына жеке мән-мағынаға ие екенін айтады. Кіріспе мәтінін жазғанда не нәрсеге басымдық бердіңіздер? 

– Иә, ұзақ уақыт бойы преамбула көбіне салтанатты, ұрандатып айтылатын сөздер жиынтығы ретінде қабылданып келді. Бірақ, біз оны тек символикалық мәтін емес, мемлекеттің идеялық бағытын айқындайтын стратегиялық құжат ретінде қарастырдық. Сондықтан, кіріспе мәтінді әзірлегенде ең алдымен мазмұндық тереңдікке, тарихи сабақтастыққа және болашақ даму бағдарына басымдық бердік.

Бірінші басымдық – тарихи негізділік пен ұлттық сабақтастық. Қазақстан – кездейсоқ құрылған мемлекет емес, Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрінің жалғасы. Сондықтан «байырғы қазақ жері», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихы» деген тұжырымдар арқылы біз елдің тарихи тамырын нақты көрсетуді көздедік. Бұл – ұлттық мемлекеттілікті нығайтудың конституциялық деңгейдегі көрінісі. Өз баяндамамда преамбуланы жаңарту ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын маңызды қадам екенін атап өткен болатынмын.

Екінші басымдық – ұлттық бірлік пен ортақ жауапкершілік. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы» деген сөйлем жекелеген топтарды емес, ортақ тағдыр мен ортақ мақсат арқылы біріктірілген саяси ұлтты білдіреді. Бұл тұжырымды «ұлттық келісім формасы» деп атап, оның бүкіл халықты тең құқықтар мен ортақ жауапкершілік арқылы біріктіретіні айтылды.

Үшінші басымдық – жаңа даму философиясы. «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын енгізу арқылы біз мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындадық. Бұл ұғымдар мемлекеттік басқарудың, сот жүйесінің және қоғамдық қатынастардың әділеттілікке негізделуі керек екенін білдіреді. Бұл – формалды заң үстемдігінен гөрі мазмұндық әділеттілікке басымдық беру.

Төртінші басымдық – өркениеттік және зияткерлік бағдар. Конституция тек билік тармақтарын сипаттайтын құқықтық акт қана емес, елдің болашақ даму моделін айқындайтын құжат болуға тиіс. Сондықтан мәдениет, білім, ғылым, инновация және табиғатты аялау мәселелерін арнайы атап өттік. Өз сөзімде Конституция тек заңдармен шектелмей, білімге, ғылымға, инновацияға және мәдениетке бағдар беруге тиіс екенін ерекше атап өткен едім. Бұл – Қазақстанды тек құқықтық емес, өркениетті мемлекет ретінде көрсету ұстанымы.

Қысқаша айтқанда, преамбуланы ұрандар жиынтығы емес, мемлекет пен халық арасындағы жария қоғамдық келісім ретінде қарастырдық. Сондықтан, мәтін тарихи негізге сүйенген, ұлттық бірлікті айқындайтын, әділеттілікке бағытталған және болашаққа бағдар беретін мазмұнда дайындалды.

– Әріптесіңіз Асхат Аймағамбетов преамбулада алғаш рет ғылым-білім, инновация туралы айтылғанын айрықша атап өтті. Жаңа Ата Заңдағы преамбуланың бұрынғы Конституциядан өзгешелігі неде?

– Иә, Асхат Аймағанбетовтің ғылым-білім мен инновация мәселесін ерекше атап өтуі өте орынды. Себебі жаңа преамбуланың бұрынғы Конституциядан басты өзгешеліктерінің бірі – оның зияткерлік және өркениеттік мазмұнының күшеюі.

Бұрынғы Конституция преамбуласында тәуелсіздік, бейбітшілік, демократиялық құндылықтар, азаматтық қоғам құру идеялары бекітілген еді. Ол кезең үшін бұл тарихи тұрғыдан дұрыс әрі маңызды бағыт болды. Алайда жаңа редакция мазмұндық тұрғыдан анағұрлым кеңейтілді және тереңдетілді. Енді Конституция тек саяси құрылым мен мемлекеттік институттардың негізін айқындайтын құжат қана емес, елдің стратегиялық даму философиясын білдіретін мәтінге айналып отыр.

Маңызды жаңалықтардың бірі – ғылым, білім, инновация, мәдениет және табиғатты аялау сияқты құндылықтардың Конституция деңгейінде бекітілуі. Бұрынғы преамбулада мұндай нақты зияткерлік және технологиялық бағдар болмаған. Сөзімде Конституция тек заңдармен шектелмей, білімге, ғылымға, инновацияға және мәдениетке бағдар беретін құжат болуға тиіс екенін атап өттім. Бұл – Қазақстанның болашағы адами капиталға, технологиялық тәуелсіздікке және интеллектуалдық даму әлеуетіне сүйенетінін көрсететін конституциялық шешім.

Сондықтан, жаңа преамбуланың басты ерекшелігі – оның мазмұндық ауқымының кеңеюі мен тереңдеуі. Ол тек тәуелсіздікті жариялайтын немесе саяси принциптерді бекітетін мәтін емес, тарихи тамырды, ұлттық бірлікті, әділеттілік философиясын және зияткерлік-өркениеттік даму бағытын біріктіретін кешенді құжатқа айналды. Бұл Конституцияның жаңа кезеңге бейімделген, стратегиялық сипат алғанын білдіреді.

– Сіздіңше, жаңа Конституциядағы ең басты өзгеріс қандай?

– Меніңше, жаңа Конституциядағы ең басты өзгеріс – мемлекеттің даму философиясының жаңаруы және оның құндылық негізінің айқын әрі терең түрде қайта тұжырымдалуы.

Егер бұрын Конституция негізінен тәуелсіздікті бекітуге, мемлекеттік институттарды қалыптастыруға және демократиялық құрылымды орнықтыруға бағытталса, жаңа редакция Қазақстан қандай ел екенін, қандай тарихи негізге сүйенетінін және болашақта қай бағытта дамитынын нақты көрсетеді.

Біз тарихи сабақтастықты, ұлттық бірлікті, заң үстемдігін, мәдени және ғылыми прогресті, экологиялық жауапкершілікті біртұтас жүйе ретінде қарастырдық. Бұл – жаңа қоғамдық келісімнің көрінісі. Өз баяндамамда да преамбуланы жаңғырту ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын және елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам екенін айттым.

Ең басты өзгеріс – Конституцияның мазмұндық тереңдеуі және оның жаңа қоғамдық келісімнің айнасына айналуы. Жаңа мәтін Қазақстанды құқықтық мемлекет қана емес, әділетті, ұлттық-өркениеттік, жауапты және болашаққа бағдарланған мемлекет ретінде айқындайды.

– Жаңа преамбула бұрынғы нұсқамен салыстырғанда қандай идеологиялық және құқықтық өзгерістерді білдіреді?

– Жаңа Конституция жобасының преамбуласы бұрынғы нұсқамен салыстырғанда елеулі идеологиялық, әрі құқықтық өзгерістерді білдіреді. Егер қолданыстағы Конституция преамбуласы негізінен мемлекеттік тәуелсіздікті, азаматтық қоғам құруды және демократиялық құндылықтарды жариялау сипатында болса, жаңа редакция тарихи сабақтастықты, ұлттық бірегейлікті, әділеттілік философиясын және өркениеттік даму бағдарын анағұрлым айқын әрі мазмұнды түрде бекітеді.

Ең алдымен, «Біз, біртұтас Қазақстан халқы» деген формула – ұлттық келісімнің жаңа конституциялық тұжырымдамасы. Бұл тіркес жекелеген әлеуметтік, этникалық немесе өңірлік топтарды емес, ортақ тарихи тағдыр мен жауапкершілік арқылы біріктірілген тұтас саяси ұлтты білдіреді. Бұл «ұлттық келісім формасы» ретінде бағаланып, оның бүкіл халықты тең құқықтар мен ортақ жауапкершілік негізінде біріктіретінін білдіреді. Осылайша, жаңа преамбула азаматтық бірегейлікті күшейтумен қатар, ұлттық тұтастық идеясын конституциялық деңгейге көтереді.

Екінші маңызды өзгеріс – тарихи сабақтастықтың нақты әрі айқын көрсетілуі. «Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген тұжырымдар Қазақстан мемлекеттілігін тек 1991 жылдан басталатын құбылыс емес, терең тарихи-өркениет жалғастығының нәтижесі ретінде сипаттайды. Бұл бағыт ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын маңызды қадам, Қазақстанның Ұлы даладағы тарихи мемлекеттердің мұрагері екенін айқындаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұрынғы нұсқада тарихи мазмұн жалпылама сипатта болса, жаңа редакция оны ұлттық идея деңгейіне көтеріп отыр.

Үшіншіден, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен Тәртіп» қағидатының преамбула деңгейінде бекітілуі – мемлекеттің даму философиясындағы айқын өзгеріс. Бұл ұғымдар құқықтық мемлекет концепциясын тек формалды заң үстемдігімен шектемей, әділеттілік қағидатымен ұштастырады. Осы қағидаттарды преамбулада бекіту мемлекет пен қоғам дамуының жаңа философиясын айқындайды. Яғни, әділеттілік енді тек сот немесе құқық саласының мәселесі емес, бүкіл мемлекеттік саясаттың конституциялық бағдарына айналады.

Төртіншіден, жаңа преамбулада мәдениет, білім, ғылым, инновация және табиғатты аялау құндылықтарының енгізілуі Конституцияны тек құқықтық емес, өркениеттік құжат деңгейіне көтереді. Конституция тек заңдармен шектелмей, білімге, ғылымға, инновацияға және мәдениетке бағдар беретін құжат болуы тиіс екенін атап өтеді. Бұл мемлекеттің даму моделін индустриялық немесе әкімшілік сипаттан гөрі зияткерлік, технологиялық және мәдени даму бағытына бұрып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттің унитарлық сипатын, шекарасының мызғымастығын және аумақтық тұтастығын нақтылау қазіргі геосаяси жағдайда егемендікті күшейтуге бағытталған құқықтық айқындау. Бұрын бұл қағидаттар Конституция баптарында болғанымен, преамбулада арнайы идеологиялық болмаған.

Бұл – тек редакциялық жаңарту емес, Қазақстанның мемлекеттік идеологиясының мазмұндық эволюциясын білдіретін маңызды конституциялық өзгеріс.

– Преамбула декларативті ме, әлде құқықтық норма ма?

– Бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын, себебі ол формалды тұрғыдан тікелей реттеуші норма болып саналмайды. Бірақ құқықтық жүйеде нақты әрі елеулі рөл атқарады. Преамбула әдетте нормативтік санкциясы бар, құқықтар мен міндеттерді тікелей белгілейтін бап ретінде қарастырылмайды. Ол заңды бұзғаны үшін жауапкершілік туындатпайды және тікелей қолданылатын диспозиция мен санкциядан тұрмайды. Осы мағынада оны декларативті мәтін деуге болады.

Алайда преамбуланы тек саяси ұран немесе символикалық кіріспе ретінде бағалау дұрыс емес. Ол – Конституцияның идеялық, құндылық және мақсаттық негізін айқындайтын құқықтық маңызы бар бөлім. Конституцияның преамбуласы – Негізгі заңның жай ғана кіріспесі емес. Ол – оның идеялық әрі моральдық іргетасы. Бұл тұжырым преамбуланың құқықтық маңызын дәл сипаттайды: ол Конституцияны қабылдаудың тарихи себептерін, мемлекеттің стратегиялық бағдарын және қоғамның негізгі құндылықтарын бекітеді.

Жаңа преамбулада «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «бірлік пен ынтымақ», «табиғатты аялау», «келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» сияқты ұғымдардың енгізілуі оның интерпретациялық салмағын күшейтеді. Мысалы, «әділеттілік» қағидаты сот реформасын немесе әлеуметтік саясатты бағалауда бағыттаушы өлшемге айналуы мүмкін; «табиғатты аялау» экологиялық заңнаманы мемлекетке позитивтік міндет жүктейтін тұрғыда түсіндіруге негіз бола алады; «бірлік пен татулық» ұлтаралық қатынастарды реттейтін нормаларды теңгерімді талдауға ықпал етеді. Бұл преамбуланың тек декларация емес, құқықтық саясаттың нормативтік бағыты екенін көрсетеді.

Преамбула – формалды-құқықтық тұрғыдан тікелей қолданылатын норма емес, бірақ ол Конституцияның құндылық өзегін айқындайтын және бүкіл құқықтық жүйені түсіндіру мен дамытуда шешуші рөл атқаратын құқықтық мәнге ие бөлім. Сондықтан оны тек декларативті мәтін деуге болмайды. Ол – конституциялық нормалардың мазмұнын айқындайтын, құқықтық түсіндіруде қолданылатын және мемлекеттік саясаттың бағытын белгілейтін ерекше құқықтық категория.

– Жаңа құндылықтар заңнаманы түсіндіруге қалай әсер етеді?

– Жаңа преамбулада бекітілген құндылықтар заңнаманы түсіндіру процесіне тікелей емес, бірақ маңызды ықпал етеді, өйткені олар Конституцияның мақсаттық және идеялық бағдарын айқындайды. Құқық теориясында кез келген норма оқшау қолданылмайды. Ол Конституцияның жалпы рухы мен құндылық жүйесі аясында түсіндіріледі. Ал бұл «рух» ең алдымен преамбулада көрініс табады. Сондықтан преамбулаға енгізілген жаңа ұғымдар – «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «бірлік пен ынтымақ», «этносаралық және конфессияаралық татулық», «мәдениет пен білім», «ғылым мен инновация», «табиғатты аялау», «келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» – болашақта заңдарды интерпретациялаудың әдіснамалық өлшеміне айналуы мүмкін.

Мысалы, «Әділетті Қазақстан» қағидаты заңдарды тек формалды заңдылық тұрғысынан емес, материалдық әділеттілік тұрғысынан бағалауға негіз береді. Егер қандай да бір норма азаматтардың құқықтарын шектесе немесе әлеуметтік теңсіздікті күшейтсе, оны түсіндіру кезінде соттар мен конституциялық бақылау органдары әділеттілік принципін басшылыққа алуы ықтимал. Бұл ұғымдар құқық қолдану тәжірибесінде формалды нормадан гөрі оның мазмұндық мәніне назар аударуға мүмкіндік береді.

«Бірлік», «этносаралық және конфессияаралық татулық» ұғымдары ұлтаралық қатынастарға, тіл саясатына немесе діни қызметке қатысты заңдарды түсіндіруде тепе-теңдік принципін күшейтеді. Егер белгілі бір заң қоғамдағы келісімді әлсіретуі мүмкін болса, оны конституциялық құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қарау қажеттігі туындайды. Бұл преамбуланың қоғам тұрақтылығын қорғау функциясын күшейтеді.

«Мәдениет», «білім», «ғылым», «инновация» құндылықтарының енгізілуі де құқықтық түсіндіру аясын кеңейтеді. Конституция тек заңдармен шектелмей, білімге, ғылымға, инновацияға және мәдениетке бағдар беруі тиіс. Осыған сәйкес, білім беру, ғылымды қаржыландыру немесе технологиялық даму саласындағы заңнамалар тек әкімшілік реттеу ретінде емес, конституциялық деңгейде қорғалатын құндылықтар ретінде бағалануы мүмкін.

«Табиғатты аялау» және «келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» қағидаттары экологиялық құқықты түсіндіруде ерекше маңызға ие. Олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды кең мағынада, болашақ ұрпақтың мүддесін ескере отырып қолдануға негіз болады.

Осылайша, жаңа Преамбулада бекітілген құндылықтар заңнаманы түсіндіруде бағыттаушы принципке айналады. Олар тікелей құқықтық санкция туындатпайды, бірақ сот тәжірибесінде, конституциялық бақылауда және мемлекеттік саясатты қалыптастыруда өлшем ретінде қызмет етеді. Нәтижесінде заңдар тек мәтіндік мазмұны бойынша емес, Конституцияда жарияланған құндылықтар жүйесіне сәйкестігі тұрғысынан бағаланады. Бұл құқықтық жүйені формалды нормалар жиынтығынан құндылыққа негізделген құқықтық тәртіпке айналдыруға ықпал етеді.

– Жаңа преамбула қандай мемлекет моделін көрсетеді?

– Жаңа Конституция жобасының Преамбуласы Қазақстан мемлекетінің кешенді даму моделін көрсетеді. Ол бір ғана классикалық модельмен – тек құқықтық мемлекетпен немесе тек әлеуметтік мемлекетпен шектелмейді. Керісінше, жаңа мәтін құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет және ұлттық-өркениеттік мемлекет элементтерін біріктіретін көпқабатты конституциялық тұжырымдаманы білдіреді.

Біріншіден, преамбулада «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен Тәртіп» қағидатының бекітілуі – құқықтық мемлекет моделінің айқын көрінісі. Бұл ұғымдар заң үстемдігін, құқықтардың қорғалуын, мемлекеттік биліктің шектелуін және құқықтық жауапкершілікті негізгі бағдар ретінде белгілейді. Құқықтық мемлекетте билік заңмен шектеледі, ал азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталуға тиіс. Жаңа преамбулада бұл қағидат арнайы атап көрсетілуі мемлекеттің дамуы құқықтық тәртіп пен әділеттілікке негізделетінін білдіреді.

Екіншіден, жаңа мәтінде әлеуметтік мемлекет белгілері де анық байқалады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтау, этносаралық және конфессияаралық татулықты қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған қағидаттар. Әлеуметтік мемлекет тек құқықтарды жариялап қана қоймай, олардың жүзеге асуына жағдай жасайды және қоғамдық келісімді сақтауды басты міндеттердің бірі деп таниды. Сонымен қатар, «келешек ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілік» және «табиғатты аялау» идеялары мемлекетке ұзақ мерзімді әлеуметтік және экологиялық міндеттер жүктейтінін көрсетеді. Бұл – қазіргі заманғы әлеуметтік мемлекеттің кеңейтілген түсінігі.

Үшіншіден, жаңа преамбула ұлттық-өркениеттік мемлекет моделін айқын көрсетеді. «Байырғы қазақ жері», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы», «біртұтас Қазақстан халқы» деген тұжырымдар мемлекет дамуының тарихи және мәдени негізін айқындайды. Бұл Қазақстанды тек әкімшілік-құқықтық құрылым ретінде емес, тарихи тағдырмен біріктірілген өркениеттік қауымдастық ретінде сипаттайды. Конституция преамбуласы ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам. Демек, жаңа модель ұлттық бірегейлік пен тарихи сабақтастықты мемлекеттің конституциялық іргетасы ретінде бекітеді.

Сонымен қатар, мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарының енгізілуі мемлекет дамуының зияткерлік-өркениеттік бағытын көрсетеді. Бұл Қазақстанның болашағы құқықтық институттарға ғана емес, адами капиталға, технологиялық тәуелсіздікке және мәдени тұтастыққа сүйенетінін білдіреді. Мұндай тәсіл мемлекетті тек саяси құрылым ретінде емес, өркениеттік жоба ретінде қарастырады.

Жаңа преамбула Қазақстанның құқықтық мемлекет қағидаттарына негізделген, әлеуметтік жауапкершілігі бар және ұлттық-өркениеттік бірегейлігі айқындалған синтездік мемлекет моделін көрсетеді. Бұл модельде заң үстемдігі, әділеттілік, ұлттық бірлік, тарихи сабақтастық, мәдени даму және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік өзара үйлесім табады.

– Терминология болашақ саясатқа нақты ықпал ете ала ма? 

– Преамбула мәтініндегі терминология – «әділеттілік», «Заң мен Тәртіп», «бірлік», «ынтымақ», «жауапкершілік», «табиғатты аялау», «ғылым мен инновация», «келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» сияқты ұғымдар – болашақ мемлекеттік саясатқа нақты ықпал ете алады. Себебі Конституциядағы кез келген құндылық тек саяси декларация емес, құқықтық және идеологиялық бағдар болып саналады. Мемлекеттік саясат заңдарға, стратегиялық құжаттарға сүйенетіндіктен, олардың мазмұны конституциялық құндылықтармен үйлесуге тиіс.

Біріншіден, «Әділетті Қазақстан» және «әділеттілік» ұғымдары мемлекеттік басқару мен сот жүйесіне қатысты шешімдерде материалдық әділеттілік өлшемін күшейтеді. Егер бұл ұстаным преамбулада бекітілсе, заң шығару процесінде әлеуметтік теңдік, әділ бәсеке, әділеттілік қағидаттары басымдыққа ие болады.

Екіншіден, «бірлік», «этносаралық және конфессияаралық татулық» ұғымдары ұлттық саясат пен қоғамдық келісім саласындағы шешімдерге тікелей ықпал етеді. Бұл терминдер заңнамалық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламаларды бағалауда тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау өлшемі ретінде қолданылады.

Үшіншіден, «табиғатты аялау» және «келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» ұғымдары экологиялық және әлеуметтік саясатқа ұзақмерзімді көзқарасты қалыптастырады. Бұл мемлекетке табиғи ресурстарды пайдалану, өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру немесе урбанизация мәселелерінде болашақ ұрпақ мүддесін ескеруге конституциялық негіз береді. Мұндай терминология экологиялық стандарттарды қатаңдатуға және тұрақты даму моделін күшейтуге ықпал етуі мүмкін.

Төртіншіден, «ғылым», «білім», «инновация» ұғымдары мемлекеттің даму бағытын айқындайды. Бұл терминдер білім беру реформаларын, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды және технологиялық тәуелсіздікті стратегиялық басымдық ретінде бекітуге негіз болады. Яғни, олар экономикалық және индустриялық саясаттың мазмұнын айқындайтын конституциялық бағдарға айналады.

Преамбуладағы терминология мемлекеттік органдар үшін нормативтік-бағдарлық функция атқарады. Заң жобаларын әзірлеу, мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, стратегиялық жоспарлау құжаттарын қабылдау кезінде конституциялық құндылықтар міндетті түрде ескеріледі. Конституциялық Сот немесе басқа да құқық қорғау органдары заңдарды түсіндіру барысында осы ұғымдарға сүйенуі ықтимал. Бұл олардың құқықтық айналымға енуін қамтамасыз етеді.

Сөз соңында айтарым, преамбуладағы терминология символикалық сипатпен шектелмейді. Ол құқықтық саясаттың мазмұнын, заңнамалық басымдықтарды және мемлекеттік басқару философиясын қалыптастыруға нақты ықпал ете алады. Егер бұл ұғымдар құқық қолдану тәжірибесінде және стратегиялық құжаттарда жүйелі түрде пайдаланылса, олар Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайтын нақты конституциялық бағдарға айналады.

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ 

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
60
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75