Қаз
Отыз жылда алғаш рет адвокатура мәртебесі Конституция деңгейінде бекімек - Мәди Мырзағараев

Фото: pixabay.com

Қазақстанда соңғы отыз жыл ішінде алғаш рет адвокатура институтының мәртебесін Конституция деңгейінде жеке баппен бекіту ұсынылып отыр. Бұл өзгеріс адвокаттарға артықшылық беру емес, азаматтардың сот арқылы қорғану және білікті заң көмегін алу құқығын институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Azattyq Rýhy тілшісіне конституциялық статус адвокатураға қалай әсер ететінін айтып берді.

«Конституциялық статус» ұғымының мәні мен құқықтық маңызы қандай деген сұрағымызға жауап бере отырып Мырзағараев конституциялық статус дегеніміз белгілі бір институттың немесе құқықтың Ата Заңда, яғни Конституцияда бекуі деген сөз екенін түсіндірді.

Яғни ол жай ғана кәсіби немесе салалық деңгейде емес (мысалы, тек арнайы заңда ғана емес), мемлекеттік құрылымның тұрақты элементі ретінде танылады және айқындалады.

«Оның құқықтық маңызы өте зор. Біріншіден, мұндай институт кез келген қарапайым заңнан жоғары тұрады және жоғары деңгейде қорғалады. Екіншіден, оның қызметі мен қағидаттары кездейсоқ өзгерістерге ұшырамайды, яғни тұрақтылыққа ие болады. Үшіншіден, ол құқықтық жүйеде тепе-теңдікті сақтауға қатысатын дербес субъект ретінде мойындалады. Егер мұны адвокатураға қатысты айтсақ, конституциялық статус бұл адвокаттарға артықшылық беру емес. Бұл – азаматтардың сотқа жүгіну, қорғану және білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ететін институт ретінде оның орнын айқындау. Яғни адвокатура - азаматтың құқықтарын қорғау тетігінің маңызды әрі конституциялық деңгейде бекіген бөлігі», – дейді заңгер.

Мәди Мырзағараев жаңа Конституция жобасында конституциялық статусқа қатысты қандай негізгі өзгерістер ұсынылғанын атап өтті.

«Біз үшін, яғни адвокатураға қатысты ең басты өзгеріс - соңғы отыз жылда алғаш рет адвокатура мәртебесінің Конституция деңгейінде жеке баппен бекітілуі. Бұған дейін адвокатура қызметі мен жалпы институттың қызметі тек салалық заңмен реттеліп келді. Енді адвокатураның миссиясы адамның сот арқылы қорғану құқығын және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесу мәртебесі негізгі заңда тікелей жазылады», – деді ол.

Бұл нені өзгертеді?

  • Біріншіден, адвокатура құқықтық жүйенің шетінде тұрған, формалды элемент емес, мемлекеттің тұрақты әрі негізгі институттарының бірі ретінде танылды.
  • Екіншіден, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жай ғана қызмет түрі емес, конституциялық маңызы бар функция ретінде айқындалды.

«Яғни бұл өзгерістер адвокатураның қоғамдағы және құқықтық жүйедегі орнын күшейтіп, оның тәуелсіздігі мен маңызын жаңа деңгейге көтереді. Бұл жерде азаматтардың міндеттері көбеймейді немесе жаңа ауыртпалықтар жүктелмейді. Негізгі өзгеріс азаматтардың құқықтарының іске асу тетігі жүйеленіп отыр. Яғни азаматтың сотқа жүгіну, сот арқылы қорғану, білікті заң көмегін пайдалану, оның ішінде мемлекет кепілдік берген құқықтарын жүзеге асыру бұрыннан бар құқықтар еді. Енді бұл құқықты қамтамасыз ететін институт – адвокатура – Конституция деңгейінде бекітіледі», – дейді Мәди Мырзағараев.

Бұл азаматқа не береді?

  • Қорғаныс құқығының тұрақтылығы мен сенімділігі артады.
  • Адвокаттың тәуелсіз қызметі конституциялық кепілдікпен қорғалады.
  • Азамат әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда оның жанында оның құқықтарын түсіндіріп, мүддесін қорғайтын қорғаушы болады.
  • Адвокат мемлекеттік органдармен, оның ішінде прокуратура мен құқық қорғау органдарымен тең дәрежеде әрекет ете алады, азаматтың мүддесін сенімді түрде қорғайды.

«Нәтижесінде, адвокат мәртебесінің беріктігі азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудағы сенімділікті күшейтеді. Бұл өзгерістер құқықтарды шектемейді, керісінше күшейтеді. Конституцияда адвокатураның мәртебесі айқындалған жағдайда азаматтың сотта қорғану құқығы және білікті заң көмегін алу құқығы институционалдық, конституциялық деңгейге көтеріледі. Яғни бұл құқық қағаз жүзінде ғана емес, жүйелі түрде, фундаменталды түрде кепілдікке ие болады. Құқықтың бар болуы мен оның шын мәнінде қорғалуы – екі түрлі нәрсе. Егер қорғау институты әлсіз болса, құқық формальді сипатта қалады. Адвокатураның конституциялық деңгейде танылуы қорғау механизмін тұрақты әрі сенімді етеді», – дейді заңгер.

Сондықтан бұл өзгеріс ешқандай шектеу болып саналмайды. Керісінше, азаматтардың құқықтық қауіпсіздігі мен қорғану тетіктерін нығайтады.

«Қолданыстағы Конституцияда да, жаңа Конституция жобасында да екі ұғым бар: «адам» және «азамат». Адам ұғымына Қазақстан аумағында жүрген кез келген тұлға, азаматтығы жоқ шетелдіктер де кіреді. Азамат дегеніміз – Қазақстан Республикасының азаматы, яғни елімізбен саяси-құқықтық байланысы бар тұлға, қолында Қазақстан паспорты бар адам», - деді ол.

Заңгер атағандай, адвокатураға қатысты нормада адамның құқықтары жайдан жай көрсетілмеген.

«Мемлекет адвокаттардың қорғауын, сот арқылы қорғануды, кепілдік берілген заң көмегін тек қана азаматтарға емес, шетелдік болсын, азаматтығы жоқ адам болсын, Қазақстан аумағында жүрген кез келген тұлғаға қатысты қамтамасыз етеді. Яғни, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға да Қазақстан азаматтары сияқты сотта қорғалуға, адвокаттың көмегіне жүгінуге құқылы. Мысалы, сайлау құқығы сияқты құқықтар азаматтыққа байланысты бөлек реттеледі: азаматтығы жоқ адамдар мен шетел азаматтарының сайлауға қатысу құқығы жоқ. Ал қорғауға қатысты құқықтар универсалды болып, барлық адамдарға бірдей беріледі. Бұл редакция қорғау институтын тек қана тар шеңберге шектемей, жалпы адамзаттық құқықтық өлшемде бекітеді», – дейді Мырзағараев.

Оның айтуынша, Конституциядағы норма – бұл принципиалды, конституциялық, фундаменталды норма.

«Ол адвокатураның миссиясын, жалпы құқықтық жүйедегі орнын айқындайды. Осы мағынада ол тікелей қолданылатын норма. Себебі кез келген дау немесе құқықтық нормаларды түсіндіру кезінде, егер заңда түсініксіздік туындаса, осы конституциялық нормаларға сүйенеміз. Конституцияда көрсетілген баптың күші тікелей қолданылады. Мысалы, адвокаттың тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін шешім қабылданса, сот немесе басқа орган конституциялық бапқа тікелей жүгініп, оның мазмұнын ескеруге міндетті. Сонымен қатар, бұл бапта адвокаттардың қызмет тәртібі, құқықтары мен жауапкершілігі заңмен айқындалады деп көрсетілген. Яғни, Конституция жалпы қағидатты бекітеді, ал нақты рәсімдер, тетіктер, кепілдіктер мен жауапкершілік құқықтары салалық заң арқылы реттеледі. Былайша айтқанда, бұл норма бағдар беретін, конституциялық тірек, фундамент», – деді ол.

Заңгер атағандай, жаңа Конституциядағы өзгерістер ең алдымен, соттардың қорғау институтына және азаматтардың қорғау құқығына деген көзқарасын өзгертеді.

«Егер адвокатура Конституция деңгейінде бекітілсе, сот кез келген процесте адвокаттың қатысуын формальді талап емес, конституциялық кепіл ретінде қарауға міндетті болады. Бұл дегеніміз, қорғаушының іске қатысуы, дәлелдер ұсынуы, өтініш білдіруі, материалдармен танысу құқығы бұрынғыдан да нақты, жоғары деңгейде қорғалады. Адвокаттың тәуелсіздігіне қатысты мәселелерді сот конституциялық өлшеммен бағалайды. Ұсақ процессуалдық шектеулер кейде құқық қорғау құқығына әсер етуі мүмкін, ал енді Конституциядағы норма бағдар-өлшем ретінде тікелей қолданылады. Әрине, бұл өзгеріс бірден жаңа рәсім енгізіп, сот жүйесін түбегейлі өзгертпейді. Дегенмен, қандай да бір деңгейде сот әділдігін бағалау стандарты күшейіп, оның сапасы да жақсарады», – деп түйіндеді сөзін ол. 

Аягөз ҚҰРМАШ

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
60
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75