Қаз
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Kaysar Arena» алаңында өңір жұртшылығы елдің жарқын болашағына үн қосуға жиналды. 20 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтарын біріктірген Open air қоғамдық пікір мен азаматтық жауапкершіліктің символына айналды. Ауқымды іс-шара барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Оның айтуынша, бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Президент азаматтарымыз Ата Заң жобасын қолдаған жағдайда Қазақстанда жаңа, анағұрлым тиімді, яғни, еліміздің ұзақмерзімді тұрақты дамуына жол ашатын саяси жүйе қалыптасатынын мәлімдеді.

Іс-шара ашық әрі еркін форматта өтті. Сахнада Мадина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов сынды қазақстандық белгілі орындаушылар өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама барысында коалиция мүшелері сөз алып, құжаттағы негізгі өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіріп, азаматтарды алдағы референдум туралы хабардар етті.

Іс-шараны ашқан Қызылорда облысының әкімі, Конституциялық комиссия мүшесі Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде сындарлы сәтте ел болып бірігудің маңызын атап өтіп, қатысушыларды 15 наурызда өтетін референдумда мемлекеттің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

«Жаңа Ата Заңда Тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтауға, азаматтарымыздың құқығын, бостандығын қорғауға, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ережелер бекітілді. Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Сондай-ақ жаңа редакцияда Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы айқындалды» – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде Мұрат Әбенов жаңа құжатта алғаш рет білім, ғылым, инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын атап өтті. 

«Президент барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында атап өткендей, көптеген елдерге қарағанда Қазақстанда барлық деңгейде ақысыз білім алуға мүмкіндік бар. Ата Заң жобасында білім сапасын арттыру, балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту, ғылымды, мәдениетті, спортты қолдау, озық инновацияға, цифрландыруға ден қою, жасанды интеллектіні енгізу сияқты басымдықтар қамтылған. Конституциялық өзгерістердің ерекшелігі – әр азаматқа өзін танытуға, инновациялық көзқарасын дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалып, қолдау көрсетілуінде», – деді Мәжіліс депутат. 

Бұл ретте Мұрат Ергешбаев Конституция жобасының халықтық сипатына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Соңғы жылдары қоғамда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау ісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері кеңінен талқыланып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата Заң жобасының өзектілігі айрықша. Конституциялық өзгерістер мемлекетті басқарудың заманауи талаптарына сай келетін жаңа тетіктерді қалыптастыруды көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қоғам өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері ескерілді. Бүгін қабылданатын шешімдер ел дамуының ертеңгі бағытын айқындайды. Сондықтан жастар қазірден бастап ел ісіне бейжай қарамай, оны өз қолына алуға ұмтылуы қажет», – деді ол.

Коалиция мүшесі Мақсат Толықбай Конституция әрбір азаматтың тағдырына, болашағына тікелей әсер ететін іргелі құжат екенін айтты. 

«Адамның құқығы мен бостандығы – басты құндылық. Жаңа редакция Преамбуласында бұл қағида алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Демек, бұдан былай адам құқығына барынша назар аударылып, оның ар-ожданы мен бостандығына кепілдік беріліп, жан-жақты қорғалады. Құжаттағы негізгі идеялардың бірі адамның шығармашылық еркіндігі, инновация мен ғылымға көңіл бөлінуі. Бұл қазіргі әлемнің даму тенденциясына толық сәйкес келеді», – деді ол.

Өз сөзінде Нартай Сәрсенғалиев енді дарынды жастардың идеялары мен бастамалары конституциялық деңгейде қорғалатынын атап өтті. 

«Бұрын дарынды жастар шекара асып, мүмкіндіктерді шет елден іздейтін еді. Бүгін осы олқылықтардың орнын толтыратын кез келді. Жаңа Конституция өскелең ұрпақтың дамуына нақты жағдай жасайды. Жас буын өз идеяларын елімізде жүзеге асырып, ғылым мен инновацияға араласып, шығармашылықтарын толық көрсете алады. Бұл – тек жастар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар мұндай қадам еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтып, экономика мен ғылым саласының өркендеуіне жол ашады», – деді Нартай Сәрсенғалиев.

Сонымен қатар депутат жастарды өз азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешу ісіне белсене араласуға шақырды. Оның пікірінше, жастар қауымы қоғамдағы өзгерістердің бел ортасында жүруге тиіс.

«Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мәні – Тәуелсіздігімізді нығайту, қорғау және келер ұрпаққа қуатты мемлекетті аманат ету. Алдағы референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес, әрқайсымыздың ел тағдырына қосатын үлесіміз. Болашақ өз қолымызда», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасының қоғам бірлігін нығайту мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызына ерекше назар аударып, оған қолдау білдірді. 

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
60
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75