Қаз
Тереңкөл ауданында жаңа Конституцияның қазақстандықтар өміріне әсері талқыланды

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері сапармен барып, бірқатар кездесу өткізді. Іс-шараларға еңбек ұжымдары, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер және тұрғындар қатысты. Қатысушылар заң формулировкасынан гөрі жаңа Конституцияның адамдар өміріне қалай әсер ететініне мән берді. Әсіресе жалақы деңгейі, еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және ауылдық аймақтардың жаңғыруы басты тақырып болды. 

Әлеуметтік-экономикалық даму, жергілікті өзін-өзі басқару және ауылдық жерде конституциялық нормаларды қолданудың практикалық мәселелері талқыланған ашық диалог Қызылтан ауылында өтті. Сондай-ақ кездесу барысында ауыл тұрғындары инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өмір сапасы тақырыптарын көтерді. Коалиция өкілдері шешім қабылдау үдерісінде азаматтардың пікірі ескерілуі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Коалиция мүшелерінің жаңа Ата заң нормаларын түсіндіру жұмысы аясында Песчан ауылдық округіндегі жүзден астам адам еңбек ететін жөндеу-механикалық зауытта еңбек қауіпсіздігі және тұрақты табыс төңірегінде әңгіме өрбіді. Қатысушылар конституциялық өзгерістер мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтетінін және еңбек адамының басымдығын бекітетінін атап өтті.

Жаңа Конституция нормаларына сәйкес, экономикалық даму принципі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмеуі керек. Ал өндіріс қызметі жергілікті қауымдастықтар мен инфрақұрылымның дамуына оң әсер етуге тиіс.

«Бұл дегеніміз – адамның денсаулығы өндірістік көрсеткіштерден жоғары қойылады, ал лайықты жалақы тек келісім емес, міндетті нормаға айналады. Ерекше атап өткім келеді: егер жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болса, өндірістен түскен табыс та жол, жарықтандыру және әлеуметтік инфрақұрылым түрінде ауылдарға кері қайтарылуға тиіс», – деді Сенат депутаты Ернұр Айткенов.

Тереңкөлдің орталық ауруханасында өткен кездесуде медицина қызметкерлерінің мәртебесін қорғау, жауапкершілікті сақтандыру, демалыс құқығы және әділ жұмыс жүктемесі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жиын барысында жаңа конституциялық нормалар науқастармен қатар медицина қызметкерлерінің де құқықтық қорғалуын күшейтетіні, әсіресе цифрландыру жағдайында дербес деректер қауіпсіздігінің маңызы артқаны айтылды.

Коалиция мүшесі Рымбек Қабиденов атап өткендей, цифрландыру жағдайында науқастардың дербес деректерін қорғау маңызды. Сонымен қатар ауыл медицинасын дамыту, медициналық пункттерді жаңғырту және ауруханаларды жабдықтау Ата заң деңгейінде қолдау табатыны, яғни аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы қалалық деңгеймен тең болуға тиіс екені айтылды.

Тереңкөл ауданының кәсіпкерлерімен өткен кездесуде диалог іскерлік әрі сындарлы сипатта өтті. Шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпкерлік қызметтің құқықтық қорғалуы, салық саясатының тұрақтылығы және өндіріс пен сауданы дамытуға қолайлы әрі болжамды жағдай қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Конституцияда бекітілген жеке меншік кепілдігі, экономикалық бастама еркіндігі және отандық өндірушілерді қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, бизнесті ашық және тұрақты жүргізу ережелері – инвестициялық белсенділік пен аудан экономикасының өсуінің негізгі факторы.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша коалиция өкілдері ауылдық аймақтар үшін Конституция жай декларация емес, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің нақты тетігі екенін атап өтті.

«Сапалы медицина, заманауи мектептер, мұғалімдер мен дәрігерлерді қорғау – бұл уәде емес, заң нормасы. 15 наурызда біз ауылдың және балалардың болашағы үшін дауыс береміз», – деді коалиция мүшесі Гүлмира Нұрханова.

Лайықты еңбекақы мен қауіпсіздікке кепілдік беру мәселесі міндетті норма ретінде бекітіледі. Осылайша, жаңа Конституция зауыттағы жұмысшы үшін де, ауруханадағы дәрігер үшін де қорғаныс кепіліне айналады. Кездесулерге қатысушылар осындай ортақ пікірге келді. 

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
145
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
23
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
22
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
21
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
17
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
34
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
280
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
34
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
94
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
26
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
33
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
28
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
18
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
98
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
29
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
129
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
60
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
86
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
48
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
34
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75