Қаз
«Реформаның мәні – азаматтар үшін ұзақ мерзімді кепілдіктер қалыптастыруда»

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жаңа Конституция жобасын талқылау аумақтың тұрақтылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және биліктің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан өрбіді. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері аудан активімен, еңбек ұжымдарымен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, Ата Заң нормаларының экономикалық тұрақтылыққа, әлеуметтік қызметтердің сапасына және азаматтардың басқару ісіне қатысуына ықпалын түсіндірді.

Смирново ауылында өткен ашық диалог қоғамның жоғары белсенділігін көрсетті. Білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және мәдениет саласының өкілдері мемлекет жауапкершілігі мен қабылданатын шешімдердің ашықтығы мәселелерін көтерді. Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода реформаның мәні ұзақ мерзімді кепілдіктерді қалыптастыратынын атап өтті.

«Конституция – мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын айқындайтын құжат. Биліктің жауапкершілігі мен азамат мүддесі нақты әрі айқын көрсетілген сайын, жүйенің тұрақтылығы да арта түседі. Аққайың ауданы үшін бұл аса өзекті, өйткені қабылданған әрбір шешім халықтың тұрмыс сапасына тікелей ықпал етеді», – деді ол.

«Элеватор Смирновский» ЖШС өндірістік алаңында өткен кездесуде экономикалық мәселелер талқыға салынды. Сыйымдылығы 100 мың тоннаға дейін жететін кәсіпорын ауданның аграрлық инфрақұрылымында маңызды рөл атқарады. Қызметкерлер экономикалық саясаттың сабақтастығы, еңбек құқығының қорғалуы және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары жөнінде сауалдар қойды. Коалиция өкілі Қайрат Пішенбаев ауылдық аумақтарда кәсіпкерлікке тең әрі түсінікті жағдай жасау заңнамалық тұрғыда бекітілуі тиіс екенін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы сенімге сүйеніп дамиды. Мемлекет тарапынан болашаққа деген айқын кепіл болмаса, инвестиция да, өндіріс те ілгерілемейді. Сондықтан конституциялық нормалар ірі кәсіпорындар үшін де, шағын фермерлер үшін де осы сенімді нығайтуы қажет. Бұл – экономикалық тұрақтылықтың берік негізі», – деді ол. 

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде әлеуметтік салаға басымдық берілді. Жалпыұлттық коалиция мүшесі Ольга Клишина әлеуметтік кепілдіктерді Конституция деңгейінде бекіту – мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетінін айтты.

«Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау нормалары Ата Заңда бекітілсе, бұл мемлекеттік саясаттың сапасын жаңа деңгейге көтереді. Яғни, әлеуметтік саладағы шешімдер ең алдымен адамның мүддесіне сүйеніп қабылдануы тиіс», – деп атап өтті ол.

Отбасы саясаты мен демография мәселелері де назардан тыс қалмады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, коалиция өкілі Елена Семидоцких конституциялық өзгерістер отбасы институтын нығайтуға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға бағытталғанын жеткізді.

«Тұрақты даму берік отбасы мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азамат болғанда ғана жүзеге асады. Сол себепті демография, аналарды қолдау және қоғамдағы тұрақтылық мәселелері заңнамалық тұрғыдан нақты бекітілуі қажет», – деді ол.

Полтавка ауылында тұрғындармен өткен кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бақылау және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы талқыланды. Коалиция мүшелері биліктің есептілігі мен ашықтығын нығайту мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыратынын атап өтті. Олардың айтуынша, шешім қабылдау тетіктері халыққа жақындаған сайын жауапкершілік те, басқару тиімділігі де жоғарылайды.

Аққайың ауданындағы кездесулер тұрғындардың конституциялық реформадан нақты әрі іске асатын шешімдер күтетінін көрсетті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер ауыл халқы үшін айрықша маңызды екені байқалды. Ашық пікір алмасу алаңы түрлі сала өкілдерінің көзқарасын ескеруге мүмкіндік беріп, жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндірумен қатар, тұрғындардың нақты сұраныстарын айқындауға жол ашты. 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
153
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
205
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
155
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
288
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
121
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
142
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
140
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
139
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
120
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
143
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
127
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
139
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
173
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
245
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
141
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
211
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
141
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
117
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
161
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
137
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
129
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
137
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
151
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
141
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
127
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
143
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
137
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
108
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
191
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
160
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
145
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
130
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
131
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
174
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
123
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
130
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
130
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
141
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
168
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
146
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
130
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
118
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
130
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
116
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
145
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
142
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
149
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
423
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
118
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
141
Аида Балаева референдумда дауыс берді
182
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
118
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
127
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
128
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
108
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
110
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
100
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
120
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
135
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
116
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
112
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
109
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
202
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
139
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
129
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
233
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
199
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
127
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
192
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
249
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
122
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
118
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
127
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
168
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
193
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
148
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
142
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
156
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
152
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
140
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
152
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
197
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
168
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
183
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
131
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
124
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
132
Ұстаздар қауымымен кездесті
138
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
227
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
134
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
168
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
151
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
151
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
130
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
150
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
135
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
129
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
169
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
132
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
125