Қаз
Ата Заңдағы аманат – табиғатқа қамқор көзқарас

Фото: pixabay.com

Қазақ баласы үшін «Жер-Ана» ұғымы жай ғана география­лық кеңістік емес, ол – рухтың бесігі, тарихтың куәсі және келер күннің кепілі. 

Бүгінде мемлекеттік дамудың алтын арқауына айналған экологиялық саясат – бабалар аманаты мен замана талабының тоғысқан түйіні. Ал тұмса табиғатты қорғауды конституциялық деңгейге көтеру – ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті мен болашақ алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Елде «Таза Қазақстан» бағдарламасынан бастап, ауқымды көгалдандыру, орман отырғызу, саланы цифрландыру жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Ал биылғы сәуірде Өңірлік эколо­гиялық құрылтай өткізілмек.

Конституция – қоршаған ортаның қорғаны

Биылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумға ұсы­нылатын Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы мем­лекетшілдік пен ұлтжандылықтың жаңа белесін ай­қын­дап бермек. Оның кіріспесінде, яғни төрінен экология мәсе­ле­сіне үлкен орын берілген.  

«Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта оты­рып, Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының са­бақ­тастығын сақтап, мем­ле­кеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтас­тығына қол сұғуға бол­майтынын нақтылап, Әділетті Қа­зақстан идеясын және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұста­нып, адамның және аза­мат­тың құқықтары мен бостандықтары мүл­тіксіз сақта­ла­тынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этно­саралық және кон­фессияаралық татулық қағидаттарына сүйе­ніп, мәде­ниет пен білім, ғылым мен инновация құн­дылықтарын бағ­­­­дарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойын­дап, бей­бітшілікке және барлық елмен достыққа ұм­ты­лып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конс­ти­туция­ны қабылдаймыз», – делінген жобада. 

Сонымен қатар оның 37-бабында, бір­ін­шіден, «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті» деп белгіленген. Екіншіден, «Мемлекеттің адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні» бекітілмек. Үшіншіден, «Адам­ өмiрi мен денсаулығына, қоршаған орта­ға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келетіні» нықталды. Осылайша, экологиялық қауіп­сіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі.

«Жаңа Конституция жобасында қоғам­ның басты сұраныстарының бірі – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта құру және табиғатқа жанашырлықпен қарау сияқты іргелі қағидатты енгізу бол­ды», – деп атап өтті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Алайда конституциялық басымдықтың өмірде жүзеге асуы үшін қандай нақты іс-шаралар қабылданады? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысан­баев­тың мәліметінше, министрлік бұл жұмысты бірден бірнеше бағытта іске асырып жатыр. Оған қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, қалдықтарды басқару және шығарындыларды мониторинг жасау, орман өрттерінің ошақтарын дер кезінде анықтау, орман ресурстарын есепке алу және ұлттық парктерге келушілерді бақылау бағытында цифрлық жобалардың кешенін іске асыру кіреді.

Президент сондай-ақ 2 млрд түп ағаш отырғызу және орман алқаптарының аумағын 14,5 млн гектарға жеткізу бойынша ау­қым­ды міндет қойғаны белгілі. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау үшін 2025 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында, 337,8 мың гектар алқапта жоспарланған 370,7 млн көшеттің орнына 497,9 миллион бірлігі отырғызылды. Жоспар 35%-ға артық орындалды. Елді мекендерде былтыр 3,8 млн ағаш егілген.

Әйткенмен, Экология министрі арқаны кеңге салуға болмайтынын, себебі оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда жердің тозуы және шөлейттену мәселелері өзекті күйінде қалып отырғанын ескертті. Бұл проблеманы шешу үшін жел эрозиясын азайту, құмдарды бекіту және жайылым­дарды қалпына келтіру мақсатында қорғаныш орман белдеулері мен тосқау­ылдық екпелер жүйесін құру көзделген.

«Таза Қазақстаннан» – жаһандық диалогқа

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы бүгінде жалпыұлттық қозғалысқа ұласты. Бұл – тек ауланы сыпыру емес, ұлттың экологиялық санасын жаңғырту. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың мәліметінше, елде экологиялық күн тәртібі жүйелі түрде пысықталады. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2025 жылы елде 1 294 экологиялық акция өткізілді. Оған 6,9 млн адам, оның ішінде 781 мың ерікті қатысты. Нәтижесінде, 884,3 мың тонна қоқыс жиналып, 1,1 млн гектар аумақ тазартылды. Бұл – халықтың жер тағдырына бейжай қарамайтынының айқын айғағы.

«2024 жылғы маусымнан бастап @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. 2025 жылы ол арқылы 26 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 24 мыңнан астамы орындалды. Азаматтар көбінесе аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, көшелерді абаттандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша жүгінді. Чат-бот мемлекет пен халық арасындағы кері байланыс­тың тиімді құралына айналды», – деді Мансұр Ошурбаев.

Биылғы наурызда оңтүстік өңірлерде аумақ­тарды, су айдындары мен бұлақ көздерін тазалау және ағаш отырғызу акциялары басталады. Жылы мезгіл басталғанда ұқсас іс-шара солтүстік өңірлерде де өтеді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблея­сының 78-сессиясында 2026 жылы елімізде Өңір­лік экологиялық саммит өткізу туралы бастама көтерді. Аталған экосаммитті Астана БҰҰ-мен бірлесіп 2026 жылғы сәуір айында ұйымдастырмақ. Ол Орталық Азиядағы эко­ло­гиялық және климаттық мәселелерді тал­қы­лауға арналған негізгі алаңға айналуға тиіс. Саммитті өткізу аймақ елдерінің өңірара­лық ынтымақтастықтағы әлеуетін және жаһан­дық күш-жігерді нығайтуға үлесін көрсетуге тиіс.

Саммит аясында аймақ елдерінің ұлттық павильондары ұсынылатын «RES EXPO 2026» халықаралық жасыл технологиялар көрмесін өткізу жоспарланған. Қорытынды құжаттар, соның ішінде «Мемлекеттер басшыларының декларациясын» және «БҰҰ агенттіктерімен бірге 2030 жылға дейінгі Іс-қимыл бағдарла­ма­сын» қабылдануы керек. Саммиттің ресми сайты іске қосылды. Жалпы, халықаралық аренада Қазақстанның «экологиялық диплома­тияның» орталығына айналғаны маңызды. 

Экология вице-министрі Жомарт Әлиевтің дерегінше, 2025 жылы экологиялық ауыртпалық төмендетіліп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау күшейді. Шығарындылар көлемі 4,01 млн тоннаны, төгінділер көлемі 2,3 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғыдан тиісінше 0,5% және 2,5%-ға төмен. Бұл ретте улы шығарындылардың 63%-ы 50 ірі өнер­кә­сіптік кәсіпорынға тиесілі екен. Міне осы­лармен жеке жұмыс жүргізілгені жөн. Олар­дың нормативтік шығарындыларының көлемі 148 мың тоннаға (-7,2%) кеміпті.

Автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу жалғасады. Бүгінде бұл талап 115 ірі кәсіпорынға таралады, олардың басым бөлігі деректерді беру жүйесіне қосылған. Арнайы датчиктер әр 20 минут сайын ластаушы зат­тардың шоғырлануы туралы мәліметті тікелей орталық жүйеге жолдайды.

Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтарды басқару жүйесін дамыту. 2025 жылы ғарыштық мониторинг арқылы 3828 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 95%-ы жойылды. Экологиялық заңнаманы бұз­ғаны үшін 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеңілдетілген қаржыландыру тетігі аясында бүгінде қалдықтарды басқару және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы сомасы 294 млрд теңгені құрайтын 62 жобаның 25-і іске асырылуда. Олардың ішінде қоқыс таситын көліктерді сатып алу, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жобалары бар. Қоқысты жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді қадағалайтын EcoQolday платформасы жұмыс істейді. Оның негізінде жаңа ұлттық жүйе құрылады: ол қалдықтардың пайда болуынан бастап қайта өңделуіне немесе көмілуіне дейінгі бүкіл жолын бақыламақ.

«Мегаполистерде қалдықтарды жағу арқылы энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу үшін 293 млрд теңгеге ин­вес­тициялық келісімдер жасалды. «Экоқолдау» бағдарламасы аясында шамамен 60 мың тонна қалдық қайта өңделді, кәсіп­орындарға 880 млн теңге субсидия берілді. Астана, Алматы және Шымкентте жалпы қуаты тәулігіне 3 600 тонна болатын үш қоқыс өртеу зауытын салу жоспарланып отыр. 2026–2030 жылдарға арналған қал­дықтардың барлық түрін басқару тұжырым­дамасы бекітілді. Министрлік экологиялық жүктемені төмендету, заңнаманы жетілдіру және қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жүйелі шараларды жалғас­тырады», – деді Жомарт Әлиев. 

Цифрландыру – экологияның «көзі мен құлағы»

2026 жылғы 6 қаңтарда Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау саласын да қамтиды. Вице-министр Нұрлан Құрмалаевтың айтуынша, экология және табиғи ресурстар саласына цифрлық техноло­гиялар белсенді енгізіледі. Біріншіден, елде ауа, су мен табиғаттың жай-күйін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін цифр­лық жүйелер құрылып жатыр. Бұл заңбұзушы­лықтарды жедел анықтауға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

– Екіншіден, қоршаған ортаның жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі құрылды. Бұл – еліміз бойынша экологиялық ақпарат жинақталатын ірі платформа. Ірі зауыттар әр 20 минут сайын шығарындылар туралы деректерді жіберетін датчиктер орнатуға міндетті. Осы жүйе арқылы қалдықтар мен парниктік газдар жөніндегі есептер де тап­сы­рылады. Болашақта платформаға эко­ло­гиялық тәуекелдерді болжау және заң­бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау үшін ЖИ енгізу жоспарланды. Сон­дай-ақ шығарынды нормаларын асырғаны үшін айыппұлдарды автомат­тан­дыру көзделген, – деді Н.Құрмалаев.

Үшіншіден, орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілмек. Ормандарға 30 шақырым қашықтыққа дейін түтін мен жылу ано­ма­лияларын анықтайтын камералар орна­тылады. Жүйе жұмыс істеп тұрған аумақтарда өрт ер­терек анықталып, келтірілетін залал азай­ған. Болашақта ол 5,5 млн гектар орманды қамтиды. 2025 жылы 63,3 мың гектар аумақта 618 орман өрті тіркелді. Заңсыз ағаш кесу көлемі 1,6 есеге, ал табиғатты қорғау меке­мелерінде 3,6 есеге қысқарды.

Төртіншіден, орман, жануарлар дүниесі, өрт пен экологиялық жағдай туралы дерек­терді біріктіретін Tabigat геоақпараттық платформасы іске қосылды. Бесіншіден, орман кесуге рұқсат билеттерін беру авто­маттандырылып, кесілген ағаш пен атылған киік өнімдерін таңбалау жүйесі енгізілді. Бұл оның шығу тегін бақылауға мүмкіндік береді екен.

Қазақстанда барлық экологиялық мәселе толық шешімін тапты деу болмайды: жердің құнарсыздануы және деградациясы жалғасты, биыл су қоры миллиард текше метрге қыс­қарып, қуаңшылық қаупі күшейді. Каспий теңізінің тартылуы да алаңдатарлық деңгейге жетті. Бұл үрдістер табиғи тепе-теңдікке ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрақты­лыққа да тікелей әсер етеді. Десек те, эколо­гия­лық саясатты мемлекеттік бас­ымдыққа айналдыру және жүйелі шара қабылдау – жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін алғышарт. Мемлекет табандылық танытып, ғылым мен басқаруды ұштастырса, шешілмейтін проблема кемде-кем. Ал табиғатты қорғау – мемлекетті қорғаумен егіз ұғым.

Айхан ШӘРІП 

Жаңалықтар көбірек:
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
11
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
146
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
10
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
14
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
14
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
14
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
13
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
15
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
10
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
24
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
51
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
109
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
43
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
75
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
21
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
24
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
19
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
11
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
17
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
11
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
20
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
23
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
24
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
14
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
11
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
17
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
39
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
32
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
14
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
22
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
38
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
26
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
14
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
18
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
13
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
17
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
91
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
16
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
37
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
27
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
14
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
24
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
34
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
36
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
281
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
35
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
51
Аида Балаева референдумда дауыс берді
95
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
27
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
28
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
36
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
19
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
34
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
20
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
29
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
35
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
35
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
19
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
28
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
99
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
30
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
23
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
130
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
62
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
24
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
87
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
125
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
41
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
23
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
36
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
68
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
79
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
47
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
49
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
43
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
44
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
38
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
47
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
105
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
45
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
57
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
37
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
32
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
35
Ұстаздар қауымымен кездесті
43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
62
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
32
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
75
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
47
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
52
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
40
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
40
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
38
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
40
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
49
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
49
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
33
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
46
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
75