Қаз
Екібастұзда жаңа Конституция еңбек адамын қалай қорғайтыны талқыланды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Павлодар облысы Екібастұз қаласында еңбек ұжымдарымен, білім беру, мәдениет салаларының өкілдерімен және қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді. Жиындардың негізгі тақырыбы – адам мен оның әл-ауқатын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітетін жаңа Конституция жобасы.

Кездесулер барысында энергетиктер, кеншілер, педагогтер мен мәдениет қызметкерлері Ата заң жобасындағы басты өзгерістерді талқылап, жаңа конституциялық нормалардың өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін азаматтардың құқығын ең жоғары заңнамалық деңгейде қалай қорғайтыны туралы пікір алмасты.

Кездесулер өңірдегі энергетика және тау-кен саласының ірі кәсіпорындарын қамтыды. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» және мыңдаған маман еңбек ететін «Богатырь Көмір» ЖШС-ларда жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін еңбек қауіпсіздігі мен жалақыға қатысты көптеген кепілдіктер ұжымдық шарттар арқылы реттеліп келсе, енді күрделі әрі қауіпті жағдайда еңбек ететін азаматтардың құқығы Конституция деңгейінде бекітілетіні атап өтілді.

Кеншілер мен энергетиктер еркін пікір алмасуға белсенді қатысып, өндірістік мәселелермен қатар экологиялық тақырыптарды да көтерді. Атап айтқанда, жаңа Конституция әрбір азаматтың қолайлы қоршаған орта мен таза ауаға құқығын бекітеді. Бұл өз кезегінде өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту мен заманауи «жасыл» технологияларды енгізуді одан әрі дамытуға негіз болады.

Кездесуге қатысушылар жаңа Ата заң еңбек құқығы мен әлеуметтік әділеттілікке қатысты конституциялық кепілдіктерді күшейтіп, декларативті қағидаттардан нақты құқықтық тетіктерге көшуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Бүгінде еңбек адамы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде ресми түрде танылып отыр. Бұл – жай ғана сөз емес, қауіпсіз еңбек жағдайын және кемсітусіз әділ еңбекақыны қамтамасыз ететін қатаң конституциялық кепілдіктер. Біз үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы самосвал жүргізушісінен бастап «ГРЭС-1» ЖШС инженеріне дейін әрбір азамат мемлекетті өз құқығы мен қадір-қасиетінің сенімді кепілі ретінде сезінуі маңызды», – деді коалиция мүшесі Нұржан Әшімбетов.

Кездесулерде гуманитарлық салаға да қатысты талқылаулар орын алдф. Диалог «Самғау» балалар шығармашылығы және «Атамұра» мәдениет орталықтарының алаңдарында өтті. Қатысушылар жаңа Конституция аясында білім мен мәдениет тек әлеуметтік қызмет емес, ел дамуының стратегиялық ресурстары ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Шамамен тоғыз мың баланы қамтитын және инклюзияға толық бейімделген «Самғау» орталығы тең мүмкіндіктер мен педагог мәртебесін қолдаудың жаңа моделі ретінде нақты үлгіге айналды. Ал «Атамұра» мәдениет орталығының қызметкерлері сала мамандарының әлеуметтік кепілдіктерін білім беру саласы қызметкерлерінің құқығымен теңестірудің маңызын атап өтті.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституцияның басты лейтмотиві – адамға бағытталған даму жүйесін қалыптастыру. Мұнда білімге, мәдениетке және адам капиталына салынған инвестициялар ел болашағының берік іргетасы ретінде қарастырылады.

«Жаңа Конституция жүйені жеке адамның қажеттіліктеріне сай қайта құруда. Заңның өзегінде адам, оның сапалы білім алуға, заманауи медицинаға және мәдени өзіндік болмысын қалыптастыруға деген құқығы тұр. Білім беру орталықтарына инвестиция салу арқылы біз жаңа буын креаторларын қалыптастыруға үлес қосамыз. Ал олардың дамуға деген құқығы елдің Ата заңымен қорғалады», – деді коалиция мүшесі Серік Ақылбай.

Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық реформалар мемлекет, бизнес және қоғам әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты, тұрақтылығы мен өркендеуі үшін ортақ жауапкершілік алатын орнықты даму моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
153
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
205
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
155
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
288
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
121
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
142
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
140
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
139
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
120
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
143
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
127
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
139
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
173
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
245
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
141
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
211
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
141
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
117
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
161
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
137
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
129
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
137
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
151
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
141
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
127
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
143
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
137
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
108
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
191
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
160
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
145
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
130
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
131
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
174
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
123
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
130
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
130
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
141
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
168
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
146
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
130
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
118
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
130
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
116
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
145
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
142
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
149
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
423
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
118
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
141
Аида Балаева референдумда дауыс берді
182
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
118
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
127
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
128
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
108
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
110
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
100
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
120
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
134
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
116
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
112
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
109
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
202
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
139
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
129
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
233
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
199
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
127
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
192
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
249
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
122
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
118
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
127
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
168
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
193
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
148
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
142
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
156
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
152
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
140
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
152
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
197
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
168
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
183
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
131
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
124
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
132
Ұстаздар қауымымен кездесті
137
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
227
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
134
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
168
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
151
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
150
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
130
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
150
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
135
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
129
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
169
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
132
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
125