Қаз
Жаңа Конституция: Қордай тұрғындарымен ашық диалог өтті

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл облысы Қордай ауданына сапармен барды. Олар аудан тұрғындарымен және бірқатар еңбек ұжымымен кездесулер өткізіп, құжаттағы негізгі өзгерістер туралы айтты. 

Делегация құрамында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Respublika» партиясының облыстық филиалы төрағасы Айнұр Келімбетова, облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов болды. Алғашқы кездесу аудандық Мәдениет үйінің өкілдерімен өтті. Жиында коалция мүшелері 15 наурызда өтетін республикалық референдумның тарихи маңызына кеңінен тоқталып, Конституциялық реформа азаматтардың сұранысына негізделгенін және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сенатор Бекболат Орынбеков өз сөзінде жаңа Ата Заң жобасының өзегі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау екенін атап өтті. Сондай-ақ ол құжатта Егемендік пен Тәуелсіздік елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілген жеткізді.

«Ұсынылып отырған өзгерістер – еліміздегі саяси жүйені жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Қазіргі заманның шынайы жағдайы жаңа қоғамдық келісімді, жаңа мән-мағыналарды талап етеді. Осы реформалардың барлығының түйіні ретінде жаңа Халықтық Конституциясының жобасы ұсынылып отыр. Құжаттың басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Адамның құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі мен басым бағыты ретінде айқындалады», – деді ол.

Бұл ретте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев азаматтық қоғамның бүгінгі реформаларға қолдау білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

«Бұл құжат жабық кабинетте емес, халықтың қатысуымен әзірленді. Ауқымды әрі мазмұнды жұмысқа депутаттар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен бөлек, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғылыми қауымдастық, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері атсалысты. Оның барысында мыңдаған ұсыныс пен пікір ескеріліп, қоғамдық талқылаулар өтті. Сондықтан оны Халықтық Конституция деп атауға толық негіз бар», – деді Еркінбек Солтыбаев.

Ал өз кезегінде «Respublika» партиясының облыстық филиалы төрағасы Айнұр Келімбетова жаңа Конституциядағы әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын түсіндірді.

«Конституция – жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес, ол – мемлекеттің қандай құндылықтар негізінде дамитынын айқындайтын, қоғам мен билік үшін ортақ бағыт-бағдар қалыптастыратын стратегиялық құжат. Бұл бағдарлардың өзегінде – азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың басты қағидасы ретінде әділеттілік тұр. Яғни, өзара сыйластық, тең мүмкіндік және ортақ жауапкершілік. Заң мен тәртіп – баршаға бірдей, соның ішінде билікке де қатысты. Бұл мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтып, олардың заңдылығын күшейтеді», – деді ол.

Коалиция мүшелері Қордай ауылындағы «Ақтас» ЖШС-не барып, кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. Оған 50-ге жуық қызметкер қатысты. Олар Жаңа Конституция жобасының түбегейлі жаңа тұстары бойынша сұрақтарын қойып, іс-шара спикерлерінен нақты әрі толық жауап алды.

Делегация сапары «Бай Нұр» шаруа қожалығында жалғасын тапты. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын ұжыммен кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, еңбек адамының құқықтары және мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар делегация Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінің ауласында тұрғындармен тілдесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Жаңалықтар көбірек:
«Фирма-Бент» ЖШС зауытында Жаңа Конституция жобасын талқылау мен еңбек адамының әлеуметтік кепілдіктері тақырыбында жиын өтті
9
Конституция – қоғамдық диалог алаңында: Лисаковск тұрғындарымен кездесу
0
Әулиекөлдегі мазмұнды кездесу: конституциялық құндылықтар мен әлеуметтік басымдықтар туралы диалог
8
Аида Балаева: Ғылым, білім және инновациялар алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалды
11
Жалпыұлттық коалиция: Қостанай облысында жаңа Конституцияның мәні тұрғындармен ашық талқыланды
6
Қонаевта жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
17
Жаңа конституция қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
18
Отыз жылда алғаш рет адвокатура мәртебесі Конституция деңгейінде бекімек - Мәди Мырзағараев
19
«Қазсушар» қызметкерлері жаңа Конституция жобасы талқылады
27
Жаңа конституция – елдің дамуына ауадай қажет
15
Қызылордада өндіріс өкілдері Ата заң жобасына қатысты пікір білдірді
17
Жастар конституциялық реформаны қолдады
31
Түркістан облысының халқы жаңа Конституцияға дауыс беруге әзір
33
Өңірдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауымы конституциялық жаңғыру жөніндегі ашық диалогты қолдады
34
Жаңа Конституция – құқық пен әлеуметтік даму кепілі
16
Сенім, қауіпсіздік және ережелер: «Қайнар АКБ»-да Жаңа Конституция жобасы мен референдум талқыланды
51
Еңбек ұжымы жаңа Ата Заңға сенім білдірді
13
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі
19
Жаңа Конституция – ел болашағының берік кепілі
15
Білім, белсенділік, даму – жаңа буынның бағыты
41
«Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы»
47
Коалиция мүшелері Түркістанда медицина, аграрлық және өндіріс салаларының өкілдерімен кездесті
13
Бүгінде әлем жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрландыру және автоматтандыру кезеңіне қадам басты
15
Ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы азаматтық белсенділікті қолдайды: Референдум алдындағы кездесу
40
Коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы әлеуметтік қорғау мәселелерін ұжыммен талқылады
45
Павлодардағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады
120
BIR TOLQYNDA алаңында конституциялық реформалар талқыланды
158
Коалиция мүшелері «Alikhan Bokeikhan University» ұжымымен кездесті
69
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
77
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
48
Бұл – халықтың көп жыл бойы көтеріп келген сұранысына жауап
44
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
32
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
29
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
44
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
48
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
48
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
60
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
49
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңғыруы
54
Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
41
Коалиция мүшелері Қонаевтағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
143
«Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік» – Талас тұрғындарына реформаның мән-маңызы түсіндірілді
39
Коалиция мүшелері Байзақ ауданына барды
57
Ғылымы дамыған елдің болашағы берік болады
36
Халық пікірі кез келген өзгерісті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады
30
Жаңаөзендегі жүздесуде жаңа Конституция жобасы талқыланды
41
Конституциялық кепілдік – медицина қызметкерлерінің қорғаны
47
Жаңа Конституция: Қордай тұрғындарымен ашық диалог өтті
71
Конституциялық реформа – ел дамуындағы стратегиялық қадамы
26
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ: 1000 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ
100
Коалиция мүшелері Түркістан тұрғындарымен кездесті
57
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
101
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
75
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
83
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
54
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
57
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
47
Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалдары жұмысын бастады
59
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
99
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
90
Комиссия жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару ұсынысын жасады
70
«Тек мемлекеттік пен жеке емес»: Конституцияда меншіктің ұғымын кеңейтуді ұсынады
55
Қазақстан Конституциясында меншіктің барлық түрін қорғауды бекіту ұсынылды
50
Биліктің параличінен және дағдарыстардан қорғау – Мәжіліс депутаты болашақ Құрылтайды тарату нормасын нақтылауды ұсынды
47
Жаңа Конституция жобасында азамат пен адамның құқықтарын бөлуді ұсынады
45
86,3% азамат жаңа Конституциядағы мәдениет пен ғылым нормаларын қолдайды – әлеуметтік зерттеу
53