Қаз
Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде Коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін және оның дамуына қуатты серпін беретінін атап өтті.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен жұртшылықпен кездесуге облыстың шамамен 500 тұрғыны – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтар және өзге де азаматтар қатысты.

Өз кезегінде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бастап жаңа Конституцияның негізі қалана бастағанын, ал құжаттың өзі ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі екенін және азаматтардың әділдікке, заң үстемдігіне, сенімді болашаққа деген сұранысын айқын көрсететінін атап өтті.

«Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентке сенетінін көрсетеді. Ел дамуында референдум шешуші рөл атқарған мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, XIX ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы Бесінші республика құру бойынша өткен референдум дүние жүзі тарихында қалды. Алдағы біздің референдум да ел тарихында алтын әріппен жазылатын тарихи оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де өздеріңізде», – деді ол.

Мәжіліс Спикері облыс тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын, Мемлекет басшысының реформалары мен саясатына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасынан әрбір азамат өзін толғандырған сұрақтарға жауап таба алады. Оның негізінде «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат берік орнықты.

Кездесуге қатысушылар жобада әрбір қазақстандық азаматқа жақын Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан сынды қастерлі құндылықтар бекітілгеніне назар аударды. Ал Президенттің іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан «халықпен бірге» қағидаты ел азаматтарының мемлекет болашағын айқындау ісіндегі өз рөлін терең сезінуіне мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Коалиция мүшелері жобадағы негізгі новеллалар туралы баяндады. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ адам құқығына кепілдік беру аясы кеңейгеніне және азаматтардың әлеуметтік тұрғыда қорғалуына назар аударды. «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының Төрағасы Азат Перуашев кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту үшін түсінікті әрі тұрақты ережелерді бекітудің маңызын атап өтті. Тарихшы әрі археолог Сауран Қалиев преамбулада Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс табуы мемлекеттің бірегейлігін айқындап, даму бағдарын белгілейтінін жеткізді. «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, құжатта отбасы институтының мәні мен маңызы, аға буынға құрмет, балаларға қамқорлық және тәрбие беру ісіндегі сабақтастық бекітілді. Бұл – қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің берік негізі.

Өз сөзінде Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлемде күрделі геосаяси өзгерістер жүріп жатқанын, бұрынғы халықаралық тәртіп біртіндеп өз маңызын жоғалтып, мемлекеттер жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы тұста мемлекеттің ішкі тұрақтылығын алдын ала нығайтып, жүйелі реформалар арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету аса маңызды. Жаңа Конституция осындай кешенді жаңғыруды қамтамасыз етеді.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жақсыбек Құлекеев жаңа Конституцияда алғаш рет адами капитал – білім, ғылым және инновация стратегиялық басымдық деңгейінде бекітілгенін, себебі дәл осы салалар заманауи экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті.

Тараз қаласында студент жастармен де кездесу өтті. Оған 500-ден астам адам – жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділер және студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту және білім экономикасын қалыптастыру мәселесі басым бағыт ретінде айқындалғанын атап өтті. Құжат аясында жастарға берілетін жаңа мүмкіндіктер жан-жақты талқыланды. Олардың қатарында білім, ғылым және инновацияны жетілдіру, жас мамандарға қолдау көрсету және өзін жан-жақты дамытуға тең жағдай жасау мәселелері бар.

«Қазфосфат» ЖШС-ның өндіріс алаңында Коалиция мүшелері кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. 100-ден астам қызметкер қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайына қатысты тікелей мемлекеттік кепілдіктің Конституция деңгейінде бекітілуінің маңызын атап өтті. Зауыт жұмысшылары жаңа Конституция жобасын Еңбек адамының құқығын қорғауды күшейтуге және оның ел дамуындағы ерекше рөлін мойындауға бағытталған нақты қадам ретінде бағалайтындарын жеткізді.

Аса ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылармен – шағын және микробизнес өкілдерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Мәжіліс депутаты әрі жоба жетекшісі Дәулет Мұқаев бұл бастаманың жүйелі жүзеге асуы білім беру және қолдау көрсету қадамдары адамдардың өз өмірін өз бетінше өзгертуіне нақты мүмкіндік беретінін айқын көрсеткенін атап өтті. Әр азамат адал еңбек етіп, өз ісін дамытып, болашаққа сеніммен қарай алатын осындай мүмкіндіктер қоғамы енді Конституция деңгейінде бекітіліп отыр. Қатысушылар жаңа Негізгі заңның преамбуласында Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатының көрініс табуын толық қолдайтындарын жеткізді.

Осы күні Super-pharm фармацевтикалық зауытының ұжымымен кездесу өтті. Кәсіпорын қызметкерлері алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, құжат жобасында жарияланған тең мүмкіндіктер мен адал бәсекелестік құндылықтары мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың дамуы үшін аса маңызды.

Кездесулер қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Негізгі заң жобасын қолдайтындарын білдіріп, оның қоғамды біріктіру және мемлекетті ұзақ мерзімді дамыту ісіндегі маңызын атап өтті. Барша қатысушы 15 наурызда референдумға келіп, жаңа Конституцияға дауыс беруге және Қуатты, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құру ісіне өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы биыл 13 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300 қоғамдық ұйым кірді. Олар 5 миллионға жуық қазақстандық азаматты біріктіруде. 


Жаңалықтар көбірек:
«Фирма-Бент» ЖШС зауытында Жаңа Конституция жобасын талқылау мен еңбек адамының әлеуметтік кепілдіктері тақырыбында жиын өтті
9
Конституция – қоғамдық диалог алаңында: Лисаковск тұрғындарымен кездесу
0
Әулиекөлдегі мазмұнды кездесу: конституциялық құндылықтар мен әлеуметтік басымдықтар туралы диалог
8
Аида Балаева: Ғылым, білім және инновациялар алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалды
11
Жалпыұлттық коалиция: Қостанай облысында жаңа Конституцияның мәні тұрғындармен ашық талқыланды
6
Қонаевта жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
17
Жаңа конституция қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
18
Отыз жылда алғаш рет адвокатура мәртебесі Конституция деңгейінде бекімек - Мәди Мырзағараев
19
«Қазсушар» қызметкерлері жаңа Конституция жобасы талқылады
27
Жаңа конституция – елдің дамуына ауадай қажет
15
Қызылордада өндіріс өкілдері Ата заң жобасына қатысты пікір білдірді
17
Жастар конституциялық реформаны қолдады
31
Түркістан облысының халқы жаңа Конституцияға дауыс беруге әзір
33
Өңірдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауымы конституциялық жаңғыру жөніндегі ашық диалогты қолдады
34
Жаңа Конституция – құқық пен әлеуметтік даму кепілі
16
Сенім, қауіпсіздік және ережелер: «Қайнар АКБ»-да Жаңа Конституция жобасы мен референдум талқыланды
51
Еңбек ұжымы жаңа Ата Заңға сенім білдірді
13
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі
19
Жаңа Конституция – ел болашағының берік кепілі
15
Білім, белсенділік, даму – жаңа буынның бағыты
41
«Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы»
47
Коалиция мүшелері Түркістанда медицина, аграрлық және өндіріс салаларының өкілдерімен кездесті
13
Бүгінде әлем жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрландыру және автоматтандыру кезеңіне қадам басты
15
Ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы азаматтық белсенділікті қолдайды: Референдум алдындағы кездесу
40
Коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы әлеуметтік қорғау мәселелерін ұжыммен талқылады
45
Павлодардағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады
120
BIR TOLQYNDA алаңында конституциялық реформалар талқыланды
158
Коалиция мүшелері «Alikhan Bokeikhan University» ұжымымен кездесті
69
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
77
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
48
Бұл – халықтың көп жыл бойы көтеріп келген сұранысына жауап
44
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
32
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
29
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
44
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
48
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
48
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
60
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
49
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңғыруы
54
Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
41
Коалиция мүшелері Қонаевтағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
143
«Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік» – Талас тұрғындарына реформаның мән-маңызы түсіндірілді
39
Коалиция мүшелері Байзақ ауданына барды
57
Ғылымы дамыған елдің болашағы берік болады
36
Халық пікірі кез келген өзгерісті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады
30
Жаңаөзендегі жүздесуде жаңа Конституция жобасы талқыланды
41
Конституциялық кепілдік – медицина қызметкерлерінің қорғаны
47
Жаңа Конституция: Қордай тұрғындарымен ашық диалог өтті
71
Конституциялық реформа – ел дамуындағы стратегиялық қадамы
26
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ: 1000 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ
100
Коалиция мүшелері Түркістан тұрғындарымен кездесті
57
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
101
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
75
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
83
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
54
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
57
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
47
Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалдары жұмысын бастады
59
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
99
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
90
Комиссия жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару ұсынысын жасады
70
«Тек мемлекеттік пен жеке емес»: Конституцияда меншіктің ұғымын кеңейтуді ұсынады
55
Қазақстан Конституциясында меншіктің барлық түрін қорғауды бекіту ұсынылды
50
Биліктің параличінен және дағдарыстардан қорғау – Мәжіліс депутаты болашақ Құрылтайды тарату нормасын нақтылауды ұсынды
47
Жаңа Конституция жобасында азамат пен адамның құқықтарын бөлуді ұсынады
45
86,3% азамат жаңа Конституциядағы мәдениет пен ғылым нормаларын қолдайды – әлеуметтік зерттеу
53